UFC ұйымының жарық жұлдыз Конор МакГрегор ақпан айында USADA-ға екі мәрте тест тапсырып, содан соң жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
"Мен ақпан айында допингке сынақ тапсыруға дайынмын. USADA ұйымынан екі рет тесттен өтеміз. Содан соң жекпе-жектің күнін белгілейміз", - деп жазды МакГрегор әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, Конор кейінгі рет 2021 жылдың шілдесінде жекпе-жек өткізді. UFC 264 турнирінде ол Дастин Порьеге қарсы айқасқа шығып, жеңілді. Осы кездесу барысында ол аяғын сындырды. Осы уақытқа дейін Макгрегор сол жарақатын емделіп келді.