auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

МакГрегор жекпе-жек өткізбей-ақ айына қанша табыс табатынын айтты

Ирландиялық спортшы сондай-ақ саясатқа ауыспайтынын да мәлімдеді.

МакГрегор жекпе-жек өткізбей-ақ айына қанша табыс табатынын айтты
Reuters©
UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор тілшілердің саясаткер болуына байланысты сауалдарына жауап беріп, жекпе-жек өткізбей-ақ қанша табыс табатынын айтып берді. Бұл туралы Tofight.ru порталы хабарлап отыр. 

"Саясаткерлердің көбісін жұртшылық ұната бермейді. Мен ондай жағдайда болғым келмейді. Қай жерде болсам да мен адамдарға көмектескім келеді. Мен өз-өзімен президентпін. Сондықтан маған саясатпен айлалысудың қажеті жоқ. Мен не айтып, не істесем де ол жан-жаққа тарап кетеді. Егер мен жақсы бір нәрсе істейтін болсам, ол барлық жерге тарайды. Жаман нәрсе істесем де дәл солай. Мен өзімнің күшім мен мүмкіндігімді жақсылық жасау үшін арнау керекпін. 

Саясатқа ауысқандағы менің мақсатым не? Ол жақтан қанша пайда таба аламын? Саясаткердің табысы қанша? Шамамен 100 мың доллар шығар. Ал жекпе-жек өткізбей-ақ айына жарты миллион доллар табамын. Сол үшін мен қазіргі өміріме де ырзамын", - дейді МакГрегор. 

Еске салайық, МакГрегор өзінің соңғы кездесуін бокс ережесі бойынша америкалық кіші Флойд Мейвезерге қарсы өткізді. Бұл бокс кешін 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтіп, кездесудің 10-раундында америкалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.






Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар