Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы болған Испания атынан өнер көрсететін, тегі грузиялық Илия Топурия келесі жекпе-жегіне қатысты жоспарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін Топурия жартылай жеңіл дивизиондағы белбеуін бос қалдырып, жеңіл салмаққа өтті. Ал онда чемпион Ислам Махачев.
Топурия жаңа салмқата екі қарсыласты ғана көздеп отыр
"Менің жаттығуларымның бәрі Ислам [Махачев] мен Чарльзге [Оливейра] бағытталған, өйткені мен басқа қарсыластарды қарастырып отырған жоқпын. Бірақ олардың ешбірі емеурін танытып отырған жоқ... Бұл қорқыныштың белгісі, мұны бәріміз білеміз. Бұл қалыпты дүние. Мен де қорқатын едім", - деп береді спортшының сөзін "Чемпионат".
Топурия кейінгі рет 2024 жылы қазан айында Абу-Дабиде өткен UFC 308 турнирінде жұдырықтасып, америкалық Макс Холлоуэйді үшінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай жеңіл салмақта титулын қорғап қалған еді.
Жарнама