Махачевті жеңген соң, Хабибпен шығуға дайынмын - Чарльз Оливейра

23 шілде 2022 14:53
©PageGoo

Бразилиялық Чарльз Оливейра дағыстандық Ислам Махачевті жеңсе, UFC-де чемпион болған Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Р-Спорт".

"Хабибпен жекпе-жек қызық болатын еді. Оның спорттағы жетістігі үлкен, сондықтан қатты құрметтеймін. Бұл айқас бүкіл әлемге қызықты болатын еді деп ойлаймын. Бірақ оның карьерасын аяқтау туралы шешімін де құрметтеу керек. Мен Исламды жеңгеннен кейін, Хабиб оралғысы келіп, менімен айқасқысы келсе, мен дайын", - дейді бразилиялық баспасөз мәслихаты кезінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport