MMA
Бүгін 11:46

Махачевке дейін Рахмонов UFC-де кіммен айқасатыны айтылды

©Тұрар Қазанғапов/Vesti.kz

ACA ұйымының ресейлік  файтері Эдуард Вартанян қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (19-0) UFC-дегі келесі қарсыласы кім болауы ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Вартанян ықтимал жұпты атады

Ресейлік спортшының пікірінше, қазақстандық файтер UFC-де украиналық Ярослав Амосовпен (29-1) жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл кездесу чемпиондық атаққа үміткерді анықтайды. 

UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы, ресейлік Ислам Махачевтің (29-1) келесі қарсыластары туралы пікір білдірген Вартанян алдымен оның эквадорлық Майкл Моралеспен (19-0) жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты. Ал одан кейін Махачевтің келесі қарсыласы Рахмонов пен Амосов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болуы ықтимал.

"Меніңше, Майкл Моралес, одан кейін Шавкат Рахмонов - Ярослав Амосов жұбының жеңімпазы болады. Басқа ешкімді көріп тұрған жоқпын. Габриэль Бонфим мен Шон Брэди сияқты тағы бірнеше файтер бар. Солардың бірі болуы мүмкін. Исламның орта салмаққа ауысу жоспары жоқ деп ойлаймын. Оның өзінен де, Хабиб Нурмагомедовтен де мұндай жоспар туралы естіген емеспін", - деді Вартанян MMA.Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында.

Махачев чемпиондық белбеуін қорғады

16 тамызда өткен UFC 330 турнирінде Ислам Махачев ирландиялық Иэн Гэрриді (17-2) төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атағын кезекті рет қорғады.

Рахмонов октагонға оралуға дайындалып жатыр

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Ол кездесуде қазақстандық файтер Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңді. Жекпе-жектен кейін Рахмоновтың тізесіне қатысты мәселелер туындап, ол ұзақ уақытқа спорттан шет қалды.

Қазақстандық файтердің октагонға 2027 жылдың басында оралуы күтіліп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport