Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев (29-1) қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) жарақатынан сауыққан кезде онымен айқасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Махачев Рахмоновты күтуге дайынМахачев келесі жекпе-жегін өткізу үшін Рахмоновтың оралуын арнайы күтпейтінін айтты. Дегенмен ол қазақстандық файтер жарақатынан сауыққаннан кейін чемпиондық жекпе-жекке үміткерлердің бірі болатынын мойындады. Ресейлік спортшы Рахмонов айқасқа шақырса, оны қабылдауға әзір екенін атап өтті.
Рахмонов UFC-ге қашан оралады?"Оны таңдап, сауығуын бір жарым жыл күтуім керек пе? Ол алдымен қалпына келсін, содан кейін чемпиондық жекпе-жекке үміткерлердің бірі болады. Мен онымен жекпе-жек өткізбеймін деп ешқашан айтқан емеспін. Қалпына келіп, қайта оралсын", - деп береді Ислам Махачевтің сөзін "Матч! Боец".
16 тамызда өткен UFC 330 турнирінде Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ресейлік файтер ирландиялық Иэн Гэрриді (17-2) төрешілер шешімімен жеңді.
Ал Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Сол кезде қазақстандық файтер де Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Жекпе-жектен кейін Рахмоновтың тізесі сыр беріп, ол ұзақ уақытқа октагоннан тыс қалды. 31 жастағы қазақстандықтың 2027 жылдың басында октагонға оралады деп жоспарлануда.