Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев (29-1) қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) жарақатынан сауыққан кезде онымен айқасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Махачев Рахмоновты күтуге дайын
Махачев келесі жекпе-жегін өткізу үшін Рахмоновтың оралуын арнайы күтпейтінін айтты. Дегенмен ол қазақстандық файтер жарақатынан сауыққаннан кейін чемпиондық жекпе-жекке үміткерлердің бірі болатынын мойындады. Ресейлік спортшы Рахмонов айқасқа шақырса, оны қабылдауға әзір екенін атап өтті.
"Оны таңдап, сауығуын бір жарым жыл күтуім керек пе? Ол алдымен қалпына келсін, содан кейін чемпиондық жекпе-жекке үміткерлердің бірі болады. Мен онымен жекпе-жек өткізбеймін деп ешқашан айтқан емеспін. Қалпына келіп, қайта оралсын", - деп береді Ислам Махачевтің сөзін "Матч! Боец".
Рахмонов UFC-ге қашан оралады?
16 тамызда өткен UFC 330 турнирінде Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ресейлік файтер ирландиялық Иэн Гэрриді (17-2) төрешілер шешімімен жеңді.
Ал Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Сол кезде қазақстандық файтер де Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Жекпе-жектен кейін Рахмоновтың тізесі сыр беріп, ол ұзақ уақытқа октагоннан тыс қалды. 31 жастағы қазақстандықтың 2027 жылдың басында октагонға оралады деп жоспарлануда.
Жарнама