Махачев "Жыл файтері" атағына үміткерлер қатарына кірді

28 шілде 2022 14:05
© Reuters

UFС файтері ресейлік Ислам Махачев World MMA Awards 2022 әлемдік премиясының екі номинациясына үміткер ретінде қосылды, деп хабарлайды "Чемпионат".

Махачев "Жыл файтері" атағына Джонни Эблин, Чарльз Оливейра, Александр Волкановски және Фрэнсис Нганну сынды спортшылармен бірге таласатын болады.

Сонымен қатар, ол "Жылдың халықаралық файтері" номинациясына да үміткер. Бұл жерде оның есімі Волкановски, Роберто Солдич, Матеуш Гамрот және Хамзат Чимаевтермен қатар тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Махачев алдағы кездесуін бразилиялық Чарльз Оивейрамен өткізеді. Сондай-ақ, ол қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсылас болуы мүмкін екені де айтылып жүр.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: