M-1 чемпионы қазақстандық Сергей Морозов UFC ұйымында қашан төбелесетінін айтты

15 шілде 2020 17:31
Сергей Морозов. Фото: m-1global.com
M-1 Global чемпионы қазақстандық Сергей Морозов UFC ұйымында күзде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Arlan MMA Pro Team командасының Youtube арнасының тікелей эфирінде Морозов Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралына" жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскенін айтты. Ол тіпті келісім берген екен. Бірақ кейін UFC басшылары бұл идеядан бас тартыпты. 

Енді отандасымыз UFC ұйымындағы алғашқы кездесуін қазан немесе қараша айында өткізеді. 



Метки: