M-1 Challenge 76 турнирінде қазақстандық спортшы бразилиялықтан басым түсті
Сергей Морозов. © Facebook
blog.share
Публикация от UFC KAZ
blog.share
Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Сергей Морозов Ингушетияда өткен M-1 Challenge 76 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандықтың қарсыласы бразилиялық Фабрисио Саррфф болды. Жеңіл салмақ дәрежесінде (61,2 келіге дейін) өткен кездесу үш раунд толығымен өтті. Жекпе-жек басталысымен Морозов қарсыласынан бірнеше соққы алып үлгерді, алайда кездесуді өз қолына алып, жақсы әдістер жасап төрешілер шешімімне жеңіске жетті. 27 жастағы Морозовтың спорттық мансабында бұл жетінші кездесу, ол үш рет жеңіліс тапқан.
24 жастағы Саррафф осымен оныншы рет жеңіліс тапты, сонымен қатар ол 21 рет жеңіске жеткен. Морозов Азия чемпионатының және аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында күміс жүлденің иесі атанған. ММА спорт шебері. Спортшы Ақтөбеде туылған және сонда тұрады.
Жарнама