| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

MMA
Бүгін 13:02
 

Лозаннада UWW-дің грэпплинг, ММА және панкратион бағыттарын үйлестіретін кеңсесі ашылды

  Пікірлер

blog.share

Лозаннада UWW-дің грэпплинг, ММА және панкратион бағыттарын үйлестіретін кеңсесі ашылды ©

Швейцарияның Лозанна қаласындағы халықаралық Maison du Sport International спорт орталығында United World Wrestling (UWW) ұйымының грэпплинг, аралас жекпе-жек (ММА) және панкратион бағыттарын үйлестіретін жаңа кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл оқиға аталған спорт түрлерінің халықаралық спорт кеңістігіндегі орнын нығайтудың маңызды кезеңі болды.

blog.share

Швейцарияның Лозанна қаласындағы халықаралық Maison du Sport International спорт орталығында United World Wrestling (UWW) ұйымының грэпплинг, аралас жекпе-жек (ММА) және панкратион бағыттарын үйлестіретін жаңа кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл оқиға аталған спорт түрлерінің халықаралық спорт кеңістігіндегі орнын нығайтудың маңызды кезеңі болды.

Жаңа кеңсенің басшысы болып Михал Бушель тағайындалды. Салтанатты рәсімге United World Wrestling президенті Ненад Лалович, UWW қауымдастырылған стильдер комитетінің президенті Родика Мария Якси, UWW-дің грэпплинг, ММА және панкратион комитеті төрағасының орынбасары Адриан Бакос, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің орынбасары, Қазақстан ММА және панкратион федерациясының құрметті президенті, UWW-дің грэпплинг, ММА және панкратион комитетінің мүшесі Гаджи Гаджиев қатысты.

Қазақстан өкілі Төлеген Құмаровтың қатысуы да ерекше назар аудартты. Ол 2026 жылғы 21 ақпанда Баку қаласында өткен UWW отырысында United World Wrestling құрылымындағы грэпплинг бағытының жетекшісі болып тағайындалған болатын. Енді ол UWW-дің грэпплинг, ММА және панкратион комитеті аясында грэпплингтің әлемдік деңгейдегі стратегиялық дамуына жауап береді.

Жаңа кеңсенің негізгі міндеттері – осы спорт түрлерін жүйелі түрде дамыту, ұлттық федерацияларға жан-жақты қолдау көрсету, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әлемнің түкпір-түкпіріндегі спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.

United World Wrestling ұйымының грэпплинг, ММА және панкратион комитетінің мүшесі Гаджи Гаджиевтің айтуынша, Лозаннада жаңа кеңсенің ашылуы заманауи жекпе-жек спорттарының халықаралық деңгейде дамуына тың серпін береді.

"Лозаннада мамандандырылған кеңсенің ашылуы – бұл спорт түрлерінің институционалдық тұрғыдан нығаюына жасалған маңызды қадам әрі олардың халықаралық аренадағы дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – біздің спорт түрлеріміз үшін тарихи оқиға. Бүгін біз бүкіл әлемде осы бағыттарды жүйелі дамытуға негіз қалап отырмыз. Алдымызда халықаралық ынтымақтастықты күшейту, ұлттық федерацияларды қолдау, жарыс жүйесін жетілдіру және спортшыларға жаңа мүмкіндіктер жасау бағытында ауқымды жұмыс тұр. Әсіресе, Қазақстан өкілі Төлеген Құмаров секілді жоғары білікті мамандардың тартылуы ерекше маңызға ие. Ол грэпплингтің стратегиялық дамуына жауап береді. Бірлескен күш-жігердің арқасында бұл спорт түрлерін жаңа сапалы деңгейге көтереміз деп сенемін", – деді Гаджи Гаджиев.

Еске салайық, биыл қазан айында Астана қаласында United World Wrestling ұйымының қолдауымен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!