Ломаченко жылдық үзілістен кейін Джемейн Ортисті жеңді

30 қазан 2022 10:36
©Top Rank

Жеңіл салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Василий Ломаченко (17-2, 11 КО) америкалық Джемейн Ортистен (16-1-1, 8 КО) айласын асырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Нью-Йорк (АҚШ) қаласында Madison Square Garden спорт кешенінде өтті. 

Жекпе-жектің алғашқы 6 раундында қарсыластар бірдей деңгейде болды. Бірақ алтыншы раундтан кейін Ортис біраз шаршап, Ломаченко керісінше қарқын қосты. 

Осылайша, боксшылар 12 раунд жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша 115-113, 116-112 және 117-111 есебімен төрешілер жеңісті украиналық боксшыға берді. 

Айта кетейік, соңғы мәрте Ломаченко шаршы алаңға 2021 жылдың 11 желтоқсанында шығып, Ричард Комиден айласын асырған. Сол уақыттан бері ол карьерасында біраз үзіліс алып, өз елінде болған еді. 

Енді Ломаченко келесі кездесуін жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Дэвид Хэйниге қарсы өткізуі мүмкін. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport