MMA
18 ақпан 2019 17:49
 
Лобов: МакГрегор мен Нурмагомедовқа жүздеген миллион доллар алып келдім

  Пікірлер

blog.share

Лобов: МакГрегор мен Нурмагомедовқа жүздеген миллион доллар алып келдім

Файтер Артём Лобов спарринг серіктесі Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасында болған кикілжіңдерге өзінің еш қатысы жоғын айтады, - деп хабарлайды LA Times. 

Еске салайық, осыған дейін Лобов сұхбат беру кезінде Нурмагомедов жайлы жағымсыз сөздер айтқан болатын. Осыдан кейін Хабиб командаластарымен бірге Артёмнан өз сөзіне жауап беруін сұраған еді. Нурмагомдеовтың әрекетіне ашуланған МакГрегор Хабиб отырған автобусқа шабуыл жасады. Осындай кикілжіңдердің нәтижесінде Хабиб пен Конордың арасындағы жекпе-жекті көрермендер асыға күтті. Ақыры олардың октагондағы кездесуінің ақылы трансляциясы PPV көрсетілімдері рекорд орнатты. 

"Не дейсіз? Мен үшін олар қиындықтарға тап болды? Мен оларға жүздеген миллион доллар алып келдім. Мұның бәрі менің пәкірімнен басталған жоқ. Хабиб бірінші болып, Конорды мазақтап, "балапан" атаған еді. Мен мұндай жағдайда үндемей тұра алмадым. Сол себепті ресейлік БАҚ өкідеріне сұхбат бергенімде менің айтуыма тура келді. Әйтпесе қандай доспын?

Шынымды айтайын, мен желтоқсанда-ақ Bare Knuckle ұйымымен келісімшарт жасасуға дайын болдым. Бірақ мен Тухуговпен жекпе-жекке шыққым келді. Мен үшін басқа жекпе-жектер қызықсыз еді. Мәселе ақшада емес. Бұл ардың ісі. Бұл ірі жекпе-жек болар еді, бәлкім Ресей үшін. Олар маған кездесуге келіспейміз дегенде мен Bare Knuckle ұйымына кеттім", - деді Лобов.

Жарнама

Живи спортом!