Жеңіліп көрмеген америкалық файтер Луис Эрнандес (3-0) АҚШ-та өткен Titan FC 83 турнирінде ММА трихындағы ең жылдам нокаут жасады, деп хабарлайды Vesti.kz ESPN арнасына сілтеме жасап.
26 жастағы Луистің қарсыласы өзге америкалық спортшы Брайан Топп (0-4) болған еді. Жекпе-жек бастала салысымен Эрнандес хайкик теуіп, қарсыласын терең нокаутқа түсірді.
Дегенмен көпшілік Луистің әрекеті азаматтыққа жатпайды деп сынға алды. Видеода Эрнандес қол алысу үшін оң алақанын алға созады, ал қарсыласы қолын алмақ болып жақындағанда, амандасу орнына теуіп қалады. Қарсылас мұндайды күтпегені анық.