"Лаки панч" деген бар". Белгілі файтер Ермек Тлауов "Сұңқардың" нокауты туралы

Автор:
Ермек Тлауов. Сурет: ашық мәлімет көзінен

Қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) Атлантик-Ситиде өткен PFL 4 турнирінде америкалық Крис Уэйдтен (19-6) жеңілді. Осы орайда ММА шебері Ермек Тлауов "Сұңқардың" АҚШ-ғы тырнақ алды айқасына бағасын берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жалпы ММА өте қиын спорт түрлерінің бірі. Бұл жақта ұйымдастырушылар мықтылармен мықтыларды шығара салады. Кәсіпқой бокстағыдай қарсыласыңды таңдауға мүмкіндік бергізе бермейді. Арманның бәсекелесі өте күшті болып шықты. Кезінде UFC-де Ислам Махачевпен айқасқан. Махачевтің өзі әрең дегенде ұпай санымен ұтқан. Ресейлік Ахмед Алиев деген спортшының өзін бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген. Жалпы алғанда Арманның жекпе-жегі көңілімнен шықты. Өз стилінде төбелесті. Күресін, техникасын көрсетті. Өкінішке қарай бір соққы шешіп кетті деуге болады. Крис Уэйдтің аяғы дәл тиді. ММА спортында "Лаки Панч" деген бар. Яғни америкалық бір соққымен шешіп кетті", - дейді Ермек.

Еске салсақ, бұл Арман Оспановтың америкалық PFL лигасында алғашқы кездесуі болды. "Сұңқар" екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді, алайда, Крис Уэйд есін жиып, қазақстандықты нокаутқа түсірді.

Жаңалықтар