Қытай қазағы UFC-де жеңіске жетті

©instagram.com/shayilan_mma/

Қытайдан шыққан қазақ файтері Сайран Нұрданбек UFC турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

26 жастағы спортшы Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турниріне қатысты. Жартылай орта салмақта Сайран америкалық Ти Джей Браунмен жекпе-жек өткізді.

Бірінші раундта екеуі де ашық төбелес көрсетіп бірнеше соққыларды алма-кезек өткізіп жатты. Екінші бес минутта соққылар саны бойынша Нұрданбек алда болды. Ал үшінші раундта белсенділігін соңына дейін сақтаған қытайлық қазақ төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұл Нұрданбектің америкалық промоушендегі үшінші кездесуіндегі екінші жеңісі болды. Еске салайық, аталмыш турнирде Қазақстан атынан шыққан Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов өз қарсыластарынан басым түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии