Қырғызстандық UFC чемпионы Конор МакГрегордан асып түсті

26 қыркүйек 2019 15:54
© FightTime
Абсолютті жекпе-жек чемпионаты (UFC) салмақ дәрежесіне тәуелсіз ең мыты спортшылар рейтингін жариялады.

Тізімде бірінші орында жартылай ауыр алмақта жұдырықтасатын америкалық Джон Джонс өзгеріссіз тұр. Екінші орында жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов. Үшінші орында америкалық Хенри Сехудо. Ол ұйымның екі салмақтағы чемпионы.

Ал Қырғызстан өкілі Валентина Шевченко 11-ші орынға көтеріліп, Конор МакГрегордан жоғары тұр. Ирландиялық спортшы соңғы рет 2018 жылы Нурмагомедовпен жұдырықтасып, жеңіліп қалған еді. 

Шевченко - аса жеңіл салмақта UFC чемпионы. Ол чемпиондық белбеуін екі рет қорғады. 32 жастағы спортшы 18 жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Метки: