Күтпеген нокаут. ММА турнирінде фаворит бірінші раундта құлады

15 тамыз 2022 08:38
©mmajunkie.usatoday.com

Британияның Кардифф қаласында PFL 8: 2022 Playoffs турнирі өтті, оның қорытындысы бойынша жартылай орта және ауыр салмақта 2022 жылғы маусымның финалистері анықталды. 

Ивенттің басты айқасында жарытлай орта дивизионда өнер көрсететін атақты канадалық Рори Макдональд күтпеген жерден ямайкалық Дилан Тейлорден жеңіліп қалды. Ямайкалық файтер ресейлік Магомед Умалатовтың орнына шыққан еді. Фаворит бұл айқастың бірінші раундында нокаутқа түсті. 

Енді Дилано финалда швециялық Садибу Саймен жұдырықтасады, жартылай финалда ол қатарынан 11 жеңіспен келе жатқан бразилиялық Карлос Лил Миранданы төрешілер шешімімен жеңді.

Ауыр салмақтағы финалда хорватиялық Анте Делия мен бразилиялық Матеус Шеффель кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport