"Күтемін". UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен айқас туралы
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад келесі қарсыласы Шавкат Рахмонов болғанын қалайды, деп жазады Fighttime.ru.
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад келесі қарсыласы Шавкат Рахмонов болғанын қалайды, деп жазады Fighttime.ru.
Бұл туралы ол спорт шолушысы Кевин Айолаға берген сұхбатында айтты.
"Мен Шавкатпен айқасқым келеді. Усман жеңіліс сериясында, қартайды. Меніңше, келесі қарсылас Шавкат болады. Йэн Гэрри титулды айқас сұрап та отырған жоқ, Делла Маддалена жарақатымен жүр. Қалғаны Шавкат пен Усман ғана. Екеуінен таңдау жасасам, Шавкатпен айқастың маңызы жоғары", - дейді Белал.
Мухаммадтың сөзінше, ол жыл соңына дейін белбеуін қорғағысы келеді және UFC-дің хабарласқанын күтіп отыр.
"Қоңырау күтемін. Мен залдамын, жаттығып жатырмын және өсіп келемін. UFC қоңырау шалғанда, мен "иә" деп жауап беремін", - дейді ол.
Жарнама