Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков Хабиб Нурмагомедовтің Eagle FC лигасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жексенбі, 17 қазанда 84 келіге дейінгі салмақ категориясында Ермеков төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен дағыстандық спортшы Нуцалхан Умахановты жеңді.
Arlan MMA Pro Team командасының 33 жастағы спортшысы төрешілердің пікірінше, үш раундтың екі раундында басым болған - 28:27. Оның үстіне Ермековтің салмақ лимитінен асып кеткендіктен ұпайдан қағылғаны бар.