MMA
31 қаңтар 2021 11:26
 

"Күреспей, оң қолмен ұрмай-ақ". Қуат Хамитов өзін жұдырықтасуға шақырған NFC чемпионына жауап берді

  Пікірлер

blog.share

"Күреспей, оң қолмен ұрмай-ақ". Қуат Хамитов өзін жұдырықтасуға шақырған NFC чемпионына жауап берді Сурет: : instagram.com/fightnights/

Қуат "Найман" Хамитов (20-7-1) Фаниль Рафиковпен (19-4) жекпе-жекке келісті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қуат "Найман" Хамитов (20-7-1) Фаниль Рафиковпен (19-4) жекпе-жекке келісті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өткен NFC 28 турнирінің басты айқасында Рафиков жергілікті Серікбай Ходжабаевты (9-4)  жеңіп, ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы атанды. Осыдан кейін ол Хамитовты жекпе-жекке шақырды. Хамитов бұған Іnstagram желісінде жауап берді. 

"Мені айқасқа шақырғанын естігенде, ол жігіттің жекпе-жегін көрейін деп қатты таңқалдым, ол анандай нокауттан кейін қалай тірі қалған! Ал енді әлі жаны бар және жекпе-жек қаласа, ұйымдастырушыларға айтарым, бұл менің карьерамдағы ең жеңіл кездесу. Жеңілдік жасауға да дайынмын, онымен күреспеймін, тіпті оң қолыммен мүлде ұрмауға уәде беремін! Қысқасы, бұл жекпе-жек мен үшін ештеңе емес, алайда, олар мені қызықтыра алса, онда неге болмасқа", - дейді Хамитов. 

Жарнама

Живи спортом!