"Құлшыныс сұмдық". Жұмағұлов швециялық "Ханзадаға" қарсы жекпе-жекке қатысты

23 желтоқсан 2020 13:48
Сурет: FightTime

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлеріне жолдау жасады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барлығына ас-саляму алейкум! Қалдарыңыз қалай? Міне жаттығып болдық, тер төгіп жатырмыз, құлшыныс сұмдық. Бәрі жақсы. Жазып жатқандарға - шын жүректен рахмет! Бәріңді құшақтаймын!", - делінген оның Instagram сторисіндегі жарияланған видеосында. 

Айта кетейік, қазақ спортшы UFC 257 турнирінде швециялық Амир Альбазимен жұдырықтасуға дайындалып жатыр. Тегі араб файтердің лақап аты "Ханзада". Жарыс 23 қаңтар Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында өтеді. Бұл кештің басты оқиғасы Конор МакГрегор мен Дастин Порье кездесуі болады.

Жұмағұлов үшін бұл UFC-дегі екінші жекпе-жек. Бірінші кездесуінде ол бразилиялық Раулиан Пайваға төрешілер шешімімен есе жіберді.