Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (17-0) бапкері Эдуард Базров спортшының америкалық Джефф Нилмен болған айқасы туралы айтып берді, деп хабаралйды Vesti.kz.
"Оның мақсаты бар, соған жетуге тырысуда, ол балаларын қатты жақсы көреді, Шавкат көп дүние жасайды, бірақ ол туралы білетіндер аз. Жекпе-жекке дайындық кезінде оның қиындықтары болды, соған қарамастан Америкаға аттанып, жекпе-жекке шықты. Шавкат менің жақын досымдай. Оған тиген әр соққы жүрегіме сызат түсіреді. Ол құлап қала ма деп ойладым, ондайға сенгім келмеді. Қатты қобалжыдым, ал жеңіске жеткенде бұл ұмытылмас сезім болды. Осыдан кейін мен оны Дала Көкжалы деп атадым, әдемілік үшін емес, дала бөрілері аңның артынан 120-140 шақырым жүгіре алатын шыдамды. Нилдің өзі де жыртқыш, бірақ Шавкатқа қарсы айқаста жемтікке анйалды", - дейді Базров Naiza TV-ге сұхбатында.