Единоборства
21 қыркүйек 2022 09:19

Күдік тудырады. 17 жастағы спортшы UFC-дің ең жас файтері атанбақ

©Chris Unger/Zuffa LLC

17 жастағы америкалық Рауль Росас Дана Уайттың үміткерлер сериясында (UFC-ге шығу үшін іріктеу) жеңіске жетіп, промоушеннің ең жас файтері атануы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рауль отандасы Мандо Гуттьересті төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

БАҚ мәліметінше, оның UFC-мен келісімшартқа отыратынына 99 пайыз кепіл бар. Осылайша, ол промоушен тарихындағы ең жас файтер атанады. 

"Вестник MMA" Расостың жақсы күресетінін, тыныс алуы да дұрыс және соққысы ауыр болмағанымен, техникасы өзгеше екенін атап өтті. 

Бірақ бір қызығы - Раульдің түрі 17 жастағы бозбалаға ұқсамайды, дегенмен, төлқұжаттағы мәліметте солай көрсетілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport