"Құбыжық. Тік тұрып қылқындыра салды". UFC файтерлері Рахмонов жайлы

9 наурыз 2023 10:04
©Zuffa LLC

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың америкалық Джефф Нилға қарсы жекпе-жегі карьерасындағы ең ауыр айқас деуге болар, алайда қазақ файтер бұл жолы жеңіс туын көтерді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесу Лас-Вегастағы UFC 285 турнирінде өтіп, үшінші раундта қылқындыру әдісімен аяқталды. 

Осылайша, "Номад" жеңіс сериясын 17-0 есебіне дейін жеткізді де, UFC рейтингінде алтыншы орынға көтерілді.

Ал Рахмоновтың UFC 285 турниріндегі жеңісіне өзге файтерлер мынадай пікір білдірген:

Бен Аскрен: Вау, недеген айқас, қызық болды!!!

Белал Мухаммад: Бауырым, мынау жыл жекпе-жегі.

Содик Юсуфф: Мерзімінен бұрын жеңді. Екеуі де әдемі кездесу көрсетті.

Шон Стрикланд: Кардтағы барлық бонусты Нил мен Рахмоновқа бере салыңдар.

Крис Вайдман: Сайтан алғыр! Қылқындырып тастай салды.

Терренс МакКинни: Шавкат - ол құбыжық.

Таннер Босер:  Екеуіне де бонус беріңдер. Ал Шавкатқа мына әдісі үшін қосымша ақша төлеу қажет. Сондай керемет айқас!

Винс Моралес: Аяқта тік тұрып қылқындыру, міне мені толқытып жібергені осы!

Ян Блахович: Әдемі жасады, Шавкат.

Джастин Гейджи: Нил мен Рахмонов, сол кештің басты айқасы. Мықты жігіттер.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport