auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қуат "Найман" Хамитов жарақаттары туралы айтып осы жылы іске асыратын жоспаларымен бөлісті

Қуат "Найман" Хамитов жарақаттары туралы айтып осы жылы іске асыратын жоспаларымен бөлісті
©:Vesti.kz
Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат "Найман" Хамитов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында алдағы жоспарларымен бөлісті. 

"Көктемнің бірінші айында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында үлкен жекпе-жек кеші өтеді. Сол жерде өнер көрсетсем деген ниетім бар.

Білесіздер, соңғы кездесуімді ирландиялық Питер Куиллиге қарсы өткізген едім. Енді сол жігіт мені екінші жекпе-жекке шақырып жатыр. Кездесу Ирландияның Дублин қаласында қыркүйек айында өтеді. Кештің басты жекпе-жегі болады. Сонда өнер көрсету ойда бар. 

Содан соң қазір Арменияда Давид Хачетерян деген танымал спортшысы наурыз айының аяғында өз елінде жекпе-жек өткізеді. Мен сол жігітпен кездескім келеді. 2018 жылы жарақаттарым кедергі келтірмесе, осы үш кездесуді өткізгім келеді", - дейді "Найман". 

Сонымен қатар отандасымыз спорттық карьерасында алып қалған жарақаттары туралы да айтып берді. 

"Тайланд елінде менің әлемнің түкпір-түкпірінен келген достарым дайындық өткізеді. Солармен бір дастарханда отырған кезде мен олардан - "Сендердің қай жерлерің ауырмайды осы", - деп сұрағаным бар еді. "Еш жеріміміз ауырмайды, ал сенің қай жерің ауырады", - деп айтты. Сонда мен "сол қолым ғана ауырмайды", - деп жауап бердім. Өйткені, денемнің барлық жерінде жарақат бар. Қолым ауырады, мұрным төрт рет сынған, мойнымнан жарақат алғам, белім ауырады. Жекпе-жекке шыққан кезде тобығымды орап шығамын. Себебі, ұстамайды. Қарсыласым көрмес үшін осылай істеймін. Айта берсе барлық жерімде жарақатым бар", - дейді Хамитов. 

Еске салайық, Хамитов соңғы жекпе-жегін 27 қараша күні ирландиялық спортшы Питер Куиллиге қарсы өткізіп, басында жеңіске жеткен еді.  Осылайша 29 жастағы спортшымыз мансабындағы 19 (14 уақытынан бұрын) жеңісіне жетті. Хамитовтың еншісінде 6 жеңіліс бар. Ал 31 жастағы Куилли болса карьерасындағы бесінші жеңілісіне тап болды. 10 жекпе-жекте ол жеңіске жеткен. Бірақ кейін АСВ ұйымының тәуелсіз төрешілер жекпе-жекті тең деп тіркеді.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама