Қуат "Найман" Хамитов Атыраудағы турнирде қарсыласын бірінші раундта тұншықтырып тастады

20 маусым 2021 09:00
Сурет: instagram.com/kuat__khamitov

Атырауда жергілікті Mergen Fighting Championship лигасының MFC 1 турнирі өтті. Бұл кештің басты айқасында қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қуаттың қарсыласы укариналық Роман Головинов болды. Бес минуттан үш раундқа есептелген кездесу біріншісінде аяқталды. 

Қуат қарсыласын жекпе-жек басында-ақ әдіске салған болатын, бірақ, Головинов бұған шыдап, әдістен шығып кетті. Дегенмен екінші рет Хамитов украиналықты қайтадан тұншықтырып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.  

Осылайша, Хамитов ММА-де 21-ші жеңісіне жетті, сонымен қоса, спортшыда жеті жеңіліс пен бір тең түскен айқас бар. Бұрын он рет жеңіске жеткен Головинов бесінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, шамамен қыркүйекте "Найман" келесі айқасын ресейлік Мариф Пираевпен Алматыда өткізеді. Бұл кездесуді AMC Fight Nights промоушені ұйымдастырады.