MMA
20 қаңтар 2021 12:54

Қуат Хамитовтың соты кейінге шегерілді

Сурет: Instagram / @kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың Интернетке қосыла алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, сот Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында онлайн режимде өтіп жатыр. Қуат Хамитовтің өзі отырысқа қатысқан жоқ.

 
Адвокат интернет нашар болғандықтан процесті кейінге қалдыруды сұрады."Өте нашар байланыс, судья мырза. Хамитов қосыла алмады", - деді адвокат.


Прокурор бұл процесті басты күдіктінің қатысуынсыз жүргізуге болмайтынын айтып келісті.

Нәтижесінде отырыс кейінге қалдырылды. Келесі отырыстың қашан өтетіні әзірше белгісіз.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатқаны хабарланған болатын.