Қуат Хамитовтың "Пираньямен" жекпе-жегіне тікелей трансляция

24 қыркүйек 2021 09:11
©instagram.com/kuat__khamitov

Бүгін, 24 қыркүйек қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов "Пиранья" лақап атты ресейлік Мариф Пираевпен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас Сочиде өтетін AMC Fight Night турнирінің басты шоуы болады. 

33 жастағы Хамитов және 28 жастағы Пираев ұзақ уақыт әлеуметтік желі арқылы бір-біріне соқтығысып жүр.

Қазақ спортшы қазіргі таңда қатарынан үш жеңіс сериясымен келеді, ал Пираев екі жеңілістен кейін шілдедегі айқасында қарсыласынан басым түсті.

Сонымен қоса, бұл турнир кардында Arlan MMA Pro Team командасының файтері Нұрбек Қабдрахманов (3-1) сегізбұрышқа шығады. Жартылай жеңіл салмақта NFC чемпионы болған қазақ спортшы жеңілмеген ресейлік Азамат Ачмизбен (3-0) жұдырықтасады.

Сочидегі турнирді "Хабар" арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция 23:15-те басталады. Сонымен бірге, көрсетілімді телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport