Қуат Хамитовтың ММА аңызымен айқасы туралы ресми жарияланды

4 қыркүйек 2023 11:09
©instagram.com/kuat__khamitov

Ресейлік ММА аңызы Александр Шлеменко мен қазақстандық Қуат Хамитов арасындағы жекпе-жек 29 қыркүйекте Мәскеуде өтетін Top Fight лигасы турнирінің басты кездесуі болмақ. Бұл туралы MMA.Metaratings.ru басылымына ұйым басшысы Марат Сидикеев айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

35 жасар Хамитов соңғы жекпе-жекті 2023 жылы мамырда Hardcore MMA 62 турнирінде өткізіп, ресейлік Залимхан Юсуповты төрешілердің ортақ шешімімен жеңген еді.

39 жастағы Шлеменко соңғы рет 2023 жылғы шілдеде бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы Shlemenko FC 8 турнирінде шаршы алаңға шықты. Бұл кездесуде Александр қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport