Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі белгіленді

8 желтоқсан 2022 09:35
©instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық белгілі спортшы Қуат "Найман" Хамитовтың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хамитов келесі айқасын 28 қаңтар Алматыда Mergen FC лигасының жекпе-жек кешінде өткізеді. Қуат осы жекпе-жегіне дайындалу үшін Таиландқа аттаныпты. 

Еске салайық, былтыр қаңтарда Хамитов карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын. Ал маусым айында шаршы алаңға қайта оралатынын хабарлап, қыркүйекте бір жекпе-жекте жеңіске жетті. Одан кейін қазақ айында жұдырықтасу керек еді, бірақ ол кезде жарақат алып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport