Қуат Хамитовтың есесін қайтара ма?"Қазақстандық МакГрегор" белгілі чемпионмен айқасады

29 желтоқсан 2022 10:07
©vk.com/nogay93

Қазақстандық файтер Фаниль Ноғай Рафиков әзірбайжандық Нариман "Шыңғысхан" Аббасовпен жекпе-жеке шығатын боды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аббасов AMC Fight Night ұйымының бұрынғы чемпионы. Dana White Contender Series турнирінде ол UFC келісімшарты үшін Исмаэль Бонфимамен жұдырықтасты, алайда жеңіліп қалды да ең әйгілі промоушенге өте алмады. 

Айта кетейік, 2019 жылы Аббасов пен қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов AMC Fight Night белбеуін сарапқа салған болатын. Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен есе жіберді. 

Нокдауннан тұрып. "Қазақстандық МакГрегор" қарсыласын нокаутқа түсірді

Рафиков болса Naiza лигасының чемпионы болған. Кейінгі айқасында "Қазақстандық МакГрегор" атанып кеткен Фаниль бразилиялық Бонифаций Сильваны 23 секундта нокаутқа түсірген еді. 

Рафиков - Аббасов жекпе-жегі 2023 жылдың басында өтетін NAIZA 50 турниріне жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport