Қуат Хамитовтың астыртын айқастарда жұдырықтасқан видеосы жарияланды

25 наурыз 2021 10:18
Сурет: : https://www.instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов (22-6-2) астыртын өтетін жекпе-жектерге қатысқан,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Хамитов осындай бір видеосын Instagram желісінде жариялап: "90 жылдары біз осындай қатаң жағдайда төбелестік, мұның аты ережесіз жекпе-жек болатын" деп жазыпты. 

Еске салайық, кейінгі рет Хамитов қаңтарда Магнитогорскте (Ресей) жекпе-жекке шығып, бірінші раундта ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа түсірген.