Аралас жекпе-жектің әзірбайжандық шебері Нариман Аббасов UFC-мен келісімшартқа қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дана Уайттың үміткерлер сериясында ол төрешілер шешімімен Исмаэль Бонфимге есе жіберді (27-30, 27-30, 28-29), сонымен қоса, ол бірінші раундта нокдаунға түсіп қалды.
Еске салайық, 2019 жылы Аббасов қазақстандық Қуат "Найман" Хамитовпен Fight Nights Global белбеуі үшін айқасқан еді. Бес раунд қорытындысы бойынша Аббасов төрешілер шешімімен жеңген боатын - 48-47, 47-47 және 48-47.