Қуат Хамитовтің келесі кездесуі қашан және қайда өтетіні анықталды

14 қазан 2020 15:53
Қуат Хамитов. Сурет: Fight Nights Global ©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов келесі кездесуін қашан және қайда өткізетінін мәлімдеді,- деп жазады Vesti.kz

"Ресми! 4-желтоқсан. Магнитогорск. Ресей. Жекпе-жекке дейін алты апта. Дайындықты бастадық", - деп жазды спортшы Instagram парақшасында. 



Отандасымыздың қарсылас туралы және турнир туралы басқа әлі нақты ешқандай ақпарат жоқ. 

Айта кетейік, Хамитов соңғы кездесуін қыркүйекте Fight Nights Global турнирінде өткізіп, ресейлік Ахмад-Хан Боковтан үстем түсті. 

Бұл кездесуден кейін отандасымыз ресейлік Вячеслав Дацикті жекпе-жекке шақырған еді. Ал Fight Nights болса Хамитовтің келесі кездесуі Қазақстанда өтенін мәлімдеді. 





Метки: