Қуат Хамитов үлкен спортқа оралатынын мәлімдеді

2 маусым 2022 08:54
©instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық белгілі аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов ММА-ге оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Қымбатты достар, үлкен спортқа оралатынымды ресми хабарлағым келеді!

Қазір жарақатым бар, бірақ, көзімдегі от өшкен жоқ, сондықтан айқасқа шығуға дайынмын. Әлі де бес жыл жұдырықтасуға шамам келеді деп есептеймін, осы себепті өзім үшін осындай шешім қабылдадым. Бұл оңай болған жоқ... Қолдау білдіргендерге тағы бір алғысымды айтамын, біз ораламыз", - деп жазыпты спортшы Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport