Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың бұрынғы чемпион Камару Усманмен айқасына қатысты ойын айтты, деп жазады Sportnews.kz.
Еске салайық, Шавкат пен Белал 7 желтоқсан Лас-Вегаста бірінші орта салмқатағы чемпиондықты сарапқа салу керек болған. Алайда америкалық операциядан кейін айқасқа жарамай қалды. Ал Рахмонов енді Усманмен уақытша белбеу үшін жұдырықтасқысы келеді.
"Бұл жақсы жекпе-жек, егер өтетін болса. Усман да шамамен Белал сияқты жұдырықтасады, сондықтан бұл чемпиондық айқасқа жақсы дайындық болады. Меніңше, Усман бес раунд толық шыдап береді. Бұл Шавкатқа пайдалы, ол демін ашып, ұзақ айқасты сезіне алады", - дейді Хамитов.