Қуат Хамитов ресейлік ММА аңызымен айқасқа жоспарын ашып айтты

6 қыркүйек 2023 14:47
©HFC MMA

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов ресейлік Александр Шлеменкомен жекпе-жекке жоспарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 29 қыркүйек Top Fight лигасының Мәскеудегі турнирінде өтеді. 

"Менің басымдығым салмақ түсірмегендіктен өзімді жайлы сезінуімде болады. Мен әлі жаспын, күресемін және ширақ қозғала аламын. Бұл салмақта (84 келі) соққым да ауыр болады, өйткені салмақ түсіргенде күшің де жоғалады. Осы жағынан менде бәрі жақсы болуы тиіс. Функционалдық жағынан да жақсырақ болатын шығармын. Көбірек белдесемін, қозғаламын және жиі соққы лақтырып отырамын. Жалпы шаршы алаңда қалықтап жүруім керек қой", - дейді Хамитов "Вестник MMA" арнасына берген сұхбатында. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport