Мамыр айында ресейлік файтер Мариф Пираев пен әзірбайжандық Нариман Аббасовпен кездесу өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Осы орайда қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов ресейлік спортшыға үндеу жасады.
"Кез-келген болмайтын қарсыласпен кездесе беруді тоқтатшы. Ең басты лайықты кездесу - екеуміздің арамыздағы реванш", - деп жазды Хамитов.
Бұл үндеуге Пираев бірден жауап берді.
"Газды бас бауырым. Бірақ сенімен жекпе-жек өткізу қиын. Тіпті неден бастайтынымды білмей тұрмын. Грепплингтен бастайық, бауырым", - деді Пираев.
"Сенімен кездесу үшін карьерамды қайта бастау керек сияқтымын", - деп жауап берді отандасымыз.
Еске салайық, Хамитов қаңтар айында карьерасын аяқтаған болатын. Ол өзінің соңғы кездесуін қыркүйекте осы Пираевқа қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.