Единоборства
15 қыркүйек 2020 09:28

Қуат Хамитов полиция ұстағаннан кейінгі алғашқы сөзін жариялады

Қазақстандық ММА файтері Қуат "Найман" Хамитов Алматы полициясына жеткізілгеннен кейін әлеуметтік желіде пост жариялады. 

"Отаның, халқың сен үшін өзіңнен артық болу керек", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде. 



Спортшыың ұсталуына әлеуметтік желіде тараған видео себеп болды. Хамитов ондағы айтқандары бойынша үш жылға дейін сотталуы мүмкін. 

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Қ.Хамитов тиісті іс жүргізу әрекеттері үшін Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Іс-әрекеттер аз.Хамитовқа түбегейлі баға беріледі", - делінген полиция хабарламасында.