33 жастағы қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов "Пиранья" лақап атты 28 жастағы ресейлік Мариф Пираевтен жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл айқас Сочиде өткен AMC Fight Night турнирінің басты шоуы болды.
Жекпе-жек толық үш раунд өтіп, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Пираевқа берді - 30-27, 29-28, 30-27.
Бұл Хамитовтың карьерасындағы сегізінші жеңілісі, сонымен бірге, ол 21 жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Пираев болса 27-ші жеңісіне жетті, оның төрт жеңілісі мен бір тең түскен айқасы бар.