Қуат Хамитов өзбек қарсыласын "қылқындырып" тастады

17 наурыз 2023 09:12
© instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (25-7-2) Mergen FC 4 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ спортшының қарсыласы өзбекстандық Бобур Абдулазизов (12-9) болды. Қуат бірінші раундтан бастап басымдығын көрестті - қылқындыру әдісіне салып, соққы сериясын жасады. Ал өзбекстандық көбіне қорғанумен болды. 

Екінші раунд соңына таман Хамитов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. 

Айта кетейік, о баста Қуат Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болған. Алайда ресейлік спортшы қарызына байланысты әуежайдағы тексерістен өте алмай, қалып қойды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport