Единоборства
6 наурыз 2018 12:23
 
Қуат Хамитов Орталық стадионда жекпе-жек өткізуі ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Қуат Хамитов Орталық стадионда жекпе-жек өткізуі ықтимал

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитов алдағы жоспарлары мен келесі жекпе-жегі туралы Qsport.kz сайтының тілшісіне баяндап берді.

Әлемнің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын ресейлік Fight Nights Global промоушенінде өнер көрсеткен Қуат Алматыда өтетін додаға қатыспайтынын айтып, кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін де баяндап берді. Ол өз сөзінде: «Жарақатыма байланысты Алматыда өтетін турнирден бас тарттым. Қазір шет елдерде өнер көрсеткім келеді. Келесі жекпе-жегімді мамыр айында өткіземін деп жоспарлап отырмын. Бұйыртса, келесі жылы Орталық стадионда жекпе-жек өткізу мақсатым», – дейді Хамитов.

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (17-5-1)  соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын.

Жарнама

Живи спортом!