MMA
Бүгін 10:21

Қуат Хамитов Мәскеуде UFC-дің бұрынғы файтерімен белдесті

©instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат "Найман" Хамитов Мәскеуде өткен ACBJJ 20 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жолы Хамитов өзін бразилиялық джиу-джитсуда сынап көрді. Оның қарсыласы бұрын UFC-де өнер көрсеткен ресейлік спортшы Рашид Магомедов болды.

Жекпе-жек белгіленген уақытын толық өтіп, кездесудің қорытындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Осы турнир аясында тағы бір қазақстандық файтер Дамир Исмагулов бразилиялық Глейсон Тибаудан жеңілді. Кездесу барысында Исмагулов жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Соның нәтижесінде жеңіс Тибауға берілді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport