Қуат Хамитов көзіне тік қараған қарсыласын итеріп жіберді

17 желтоқсан 2021 11:04
©instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қарсыласы Нұрберген Шәріповпен көз арбасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшылар бүгін, 17 желтоқсанда Атырауда грэпплинг ережесі бойынша белдеседі. Жарысты Mergen Fighting Championship 2 промоушені ұйымдастырып отыр.

Қарсыластар салмақ өлшеу рәсімін өтіп, бетпе-бет келді. Көз арбасу кезінде Хамитов қарсыласын итеріп жіберді. Дегенмен екі спортшы да күлкілерін тыя алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: