Қуат Хамитов келесі кездесуі қашан өтетінін ресми түрде мәлімдеді

25 қараша 2020 18:33
Қуат Хамитов. Сурет: FNG©

Қазақстандық споршы Қуат Хамитов (20-6-1) октогонға қашан оралатыны туралы ресми мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз келесі кездесуін 7-қаңтар күні Магнитогорск қаласында Fight Nights турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Магомедов (12-3) болады. 

Осыған орай Қуат Хамитов "Ресми!", - деп жазып, турнирдің афишасын әлеуметтік желісіне салды. 



Еске салайық, Хамитов соңғы кездесуін қыркүйек айында Fight Nights Global турнирінде өткізіп, Ахмад-Хан Боковты жеңді. 



 

Метки: