Қуат Хамитов жабық турнирлерде ақша үшін төбелескені жайлы қауесетке нүкте қойды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ертеректе жабық турнирлерге қатысып, аз-кем ақша үшін жекпе-жекке шыққанын жоққа шығарды, деп жазады Tengri Sport.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ертеректе жабық турнирлерге қатысып, аз-кем ақша үшін жекпе-жекке шыққанын жоққа шығарды, деп жазады Tengri Sport.
Бұған дейін қазақстандық өзге спортшы Жұман Жұмабеков Алматыдағы казиноларда жабық жекпе-жектерге қатысқанын, әр төбелескені үшін 10 мың теңге гонорар алғанын мойындаған еді. Сондай-ақ, ол осындай турнирлерге Қуат Хамитовтің де қатысқанын айтып қалған еді.
"Мұндай ешқашан болған емес. Менің жекпе-жектерімнің бәрі спорттық талапқа сай өткен. Бірақ сол кездері ірі көлемдегі ақша саналатын 100-150 мыңдың төбелестерге шығуға ұсыныс болған. Біз ондай ұсынысты қабылдаған жоқпыз, себебі елдің туын көтеріп жүрген спортшылармыз", - деді Қуат Хамитов Tengri Sport порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қуат Хамитов келесі жекпе-жегіне дайындығы барысында Тайландта оқу-жаттығу жиынында жүр.
Жарнама