Қуат Хамитов Головкиннің "Канеломен" айқасына баға берді

©Тұрар Қазанғапов

Аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) жекпе-жектен кейін Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) мақтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий Головкин - сайтан алғыр шынайы өмірдегі Рокки Бальбоа ғой! 40 жасында әлемдегі ең мықты боксшыға қарсы 12 раунд тұрып беру - бұл қаһармандық! Бүгінгі видеоны көріп отырып, менің сыным дұрыс болғанын түсіндім, 5 жыл бұрын Головкин жоғары салмаққа көтеріліп, Альварестің барлық белбеуін тартып алатын еді. Бірақ бұлай болмады, қалай дегенмен, ол атын тарихта қалдырды. Чемпионға құрмет, ол қазақстандық кәсіпқой бокстың із салушысы болып қалады", - дейді Хамитов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии