Қуат Хамитов "дүркіреген айқасқа" болжамын айтты

©instagram.com/kuat__khamitov/

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов отандасы Дамир Исмағұлов (24-3) пен ресейлік Эдуард Вартанян (25-4) арасындағы кездесуге қатысты болжамын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Бұл айқас 2 наурыз Мәскедуе өтетін "Наше дело 82" турнирінде болады. Жекпе-жек кикбоксинг ережесі бойынша өтеді.

"Қазіргі таңдағы ең дүркіреп тұрған жекпе-жек, жеңіл салмақта әлемдегі ең мықтылардың бірі саналатын файтерлер жұдырықтасады. Жекпе-жекті стиль шешеді: бірі тұрып қана, екінші қозғалып жүріп айқасады. 

Кім қандай тактика таңдайтынын көру қызық болады. Бұл кездесуде Вартанянның сәл артықшылығы бар, дегенмен мен жеңіс мүмкіндігін 50 де 50 деп бағалаймын. Имағұловқа әдемі жекпе-жек көрсетіп, жеңіске лайықты екенін төрешілерге дәлелдеу үшін біраз тер төгу керек болады", - дейді Хамитов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport