Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізетінін хабарлады

©instagram.com/kuat__khamitov/

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін танымал қазақстандық файтер Қуат Хамитов келесі кездесуінің қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

28 қазан күні отандасымыз Мәскеу қаласында армениялық Давид Хачатрянмен жолығады. 

"Ресми! 28 қазан күні TOP Fight ұйымының чемпиондық атағы үшін жекпе-жек", - деп жазды Хамитов Instagram парақшасында. 

Еске салайық, Хамитов соңғы мәрте 10 қыркүйек Атырау қаласында Mergen Fighting Championship турнирінде өнер көрсетіп, ресейлік Василий Бабинцевтен айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport